18 қазан – Рухани келісім күніне орай Шет ауданына қарасты Сәкен Сейфуллин кенті кітапханасында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Сәкен Сейфуллин кентіндегі «Күмісбек молла» мешітінің имамы Қаблақат Амангелді қатысып, рухани келісімнің маңызы, қоғамдағы татулық пен бірлікті сақтау, өзара құрмет пен сыйластықты нығайту жөнінде насихат айтты.
Кездесу барысында рухани құндылықтарды дәріптеу, дінаралық татулықты сақтау және қоғамдағы ынтымақты арттыру мәселелері сөз болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы