Шет ауданына қарасты Ақадыр кенті «Сәкен Сейфуллин» атындағы кітапханада «Рухани келісім» тақырыбында тағылымды шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға Ақадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінің имамы Нұржан Оңғарұлы арнайы қатысып, жиналған қауымға әдеп-ғұрып, салт-дәстүр, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету жөнінде насихат айтты.
Кездесу барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақ тәрбиесіндегі рухани мұраның маңызы және қоғамдағы татулық пен өзара сыйластықты нығайту мәселелері сөз болды.
Тағылымды шараның мақсаты – ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды насихаттап, қоғамда бірлік пен келісімді нығайту.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы