Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде жамағатқа арналған «Ас беру мәдениеті» және «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыптарында семинар өтті.
Жиынға ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша «Дін мен дәстүр» бағытының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы қатысып, ас беру әдебі мен дәстүрдің тағылымдық мәні жөнінде ой қозғады.
Семинар барысында «Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» тақырыбы да кеңінен қозғалып, қазақ халқының салт-дәстүрін сақтай отырып, той өткізу мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – жамағат арасында ас беру мен той өткізудің шариғатқа сай әдебін түсіндіру, ысырапшылдықтың алдын алу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы