Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде мешіттің ақ жаулықты әжелерімен мен әйелдер жамағатына «Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» тақырыбы аясында той мәдениеті, ысырапшылдықтың алдын алу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Жиында той-томалақтағы шектен тыс шығынға жол бермеу, ас пен дастарқан әдебін сақтау, қарапайымдылық пен үнемшілдікке мән беру жөнінде айтылды. Сондай-ақ үлкендердің ұрпақ тәрбиесіндегі орны мен ұлттық дәстүрлердің тағылымдық маңызына тоқталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы