Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен жергілікті мейрамханаларда «Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» тақырыбында насихат жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында тойдағы ысырапшылдықтың алдын алу, қарапайымдылықты сақтау және ұлттық құндылықтарға негізделген той мәдениетін қалыптастыру мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар осы тақырыптарға қатысты арнайы ақпараттық бүктемелер таратылды.
Игі бастаманың мақсаты – қоғамда үнемшілдік мәдениетін қалыптастырып, той-жиындарды даңғазалықтан арылтып, тәрбиелік мәні мен тағылымын арттыру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы