Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешіті мейрамханаларда ысырапқа қарсы насихат жүргізді
«Төлеутай ата» мешіті мейрамханаларда ысырапқа қарсы насихат жүргізді

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен қаладағы мейрамханаларда ысырапқа қарсы насихат жұмыстары жүргізілді.

Насихат барысында дастарқан басындағы ысырапшылдықтың алдын алу, ас беру мәдениетін қалыптастыру және үнемшілдікке мән беру мәселелері түсіндірілді.

Игі бастаманың мақсаты – қоғамда қарапайымдылықты дәріптеп, ас беру мен жиын-тойларда шектен тыс шығынға жол бермеуге үндеп, ұлттық және діни құндылықтарға сай мәдениетті қалыптастыру.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz