Ұлттық мереке – Республика күніне орай Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Отанды сүю – иманнан» атты өлең шумақтарын оқудан жас жеткіншектер арасында сайыс өтті.
Байқауға қатысқан жас өрендер Отанға деген сүйіспеншілікті, елге деген құрметті жыр жолдары арқылы әсерлі жеткізіп, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен жеңімпаздарға қаржылай сертификаттар табысталды.
Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесіне үлес қосу.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы