Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінің жамағаты Бұқар жырау бабамыздың мазарына зиярат етті
«Төлеутай ата» мешітінің жамағаты Бұқар жырау бабамыздың мазарына зиярат етті

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің жамағаты «Дархан дала» отандық туризмді дамыту жобасы аясында қазақтың әйгілі жырауы Бұқар жырау Қалқаманұлының мазарына зиярат етті.

Зиярат барысында жамағат бабамыздың рухына Құран аяттарын оқып, дұға жасады. Сондай-ақ ұлт тарихында өзіндік орны бар тұлғаның өнегелі өмірі мен рухани мұрасын ұлықтаудың маңыздылығына назар аударылды.

Тағылымды сапардың мақсаты – отандық туризмді дамыту, тарихи-мәдени мұраларымызды дәріптеу, өскелең ұрпақтың ұлттық тарихқа деген құрметін арттыру және бабалар рухына тағзым ету.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz