Қарағанды қаласында «Халал Даму» мамандары бірқатар кәсіпорында кезекті жоспарлы аудит жұмыстарын жүргізді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» ұйымының технолог маманы Айжан Омарова жүзеге асырды.
Аудиттің негізгі мақсаты – кәсіпорындардың халал стандарттары талаптарына сәйкестігін бақылау, өндірістік үдерістердің белгіленген талаптарға сай жүргізілуін қамтамасыз ету және өнім сапасын арттыру.
Тексеру барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, пайдаланылатын шикізат көздері мен дайын өнімдердің халал талаптарына сәйкестігі жан-жақты қаралды. Сонымен қатар санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуына, технологиялық тәртіптің орындалуына және өндіріс барысының белгіленген стандарттарға сәйкестігіне ерекше назар аударылды.
Аудит жұмыстарына «Халал Даму» ұйымының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Амангелді Дәулеткелдіұлы да арнайы қатысып, кәсіпорын өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар халал стандарттарын сақтау, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және талаптарды тұрақты түрде орындау мәселелері бойынша әдістемелік кеңестер берді.
Аудит қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдеріне халал стандарттарының талаптарын жетілдіруге бағытталған тиісті ұсыныстар айтылып, анықталған мәселелер бойынша түсіндірмелер берілді.
Жоспарлы аудит аясында төмендегі кәсіпорындар қамтылды:
«Tagam» асханалар желісі — Язева көшесі, 9/4.
«SHAURMA HOUSE» қоғамдық тамақтану орны.
«Marzipan» кондитерлік өнімдер.
«Тай» шұжық цехы.
«Basta» сэндвич өнімдері.
«Master Coffee» кофеханасы.
«Hani Cakes & Coffee» кондитерлік өнімдер.
«Firdaus Halal» мейрамханасы.
«Kraft Food» жартылай дайын өнімдер.
«Janelle» кондитерлік өнімдер.
«Dala» тамақтану орны.
«Hani.brunch» — Кеншілер даңғылы, 52.
«Damdi и точка» шайханасы.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы