Center Image
IHSAN.KZ
«НҰР» МЕШІТІНДЕ «ҚҰДАЙЫ АС – ЖАРЫС ЕМЕС, САУАП» ТАҚЫРЫБЫНДА РУХАНИ ЖИЫН ӨТТІ
«НҰР» МЕШІТІНДЕ «ҚҰДАЙЫ АС – ЖАРЫС ЕМЕС, САУАП» ТАҚЫРЫБЫНДА РУХАНИ ЖИЫН ӨТТІ
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында рухани кездесу өтті. Жергілікті ақсақалдар мен мешіт жамағаты қатысқан жиын құдайы астың мәнін түсіндіруге, ас беру мәдениетін қалыптастыруға арналды.

Кездесу барысында мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлы тақырып аясында уағыз-насихат жүргізіп, құдайы астың тағылымдық маңызына тоқталды. Ас беруде шынайы ниетке мән беру, ысырапқа жол бермеу және отбасының жағдайын ескеру мәселелері түсіндірілді.

Уағызда құдайы асты бәсекеге айналдырмай, қарапайымдылық пен ұстамдылықты сақтау қажеттігі айтылды. Марқұмға дұға бағыштап, жақсылықпен еске алу, мұқтаж жандарға қолдау көрсету секілді ізгі амалдардың маңызы насихатталды.

Сондай-ақ ел ішінде орынды дәстүрді дәріптеуде ақсақалдардың өнегесі мен бағыт-бағдарының орны ерекше екені сөз болды. Осындай басқосулар ас беру мәдениетіне қатысты ортақ түсінікті нығайтып, жамағатты ысыраптан сақтануға, береке-бірлік пен қайырымдылыққа үндейді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz