Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің ұжымы әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға жәрдем көрсету мақсатында «Отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығына» арнайы барып, ерекше балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға азық-түлік түрінде қайырымдылық көмек көрсетті.
Ізгі шара барысында отбасыларға қажетті азық-түлік өнімдері табысталып, ата-аналарға жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды. Мұндай қайырымдылық шаралары қиындыққа тап болған отбасыларға қолдау көрсетіп қана қоймай, қоғамдағы өзара жанашырлық пен мейірімділікті арттыруға бағытталған.
Ислам дінінде мұқтаж жанға көмек көрсету мен қайырымдылық жасауға ерекше мән берілген. Қоғамның әлсіз топтарына қолдау білдіру – адамгершілік пен ізгіліктің көрінісі.
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің ұжымы алдағы уақытта да қайырымдылық және әлеуметтік қолдау бағытындағы игі бастамаларды жалғастыра бермек.
Алла Тағала көрсетілген көмекті қабыл етіп, ерекше балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға күш-қуат, сабыр, дендеріне саулық, шаңырақтарына береке нәсіп етсін!
Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгілік.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы