Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде «Мүфтият» баспасынан жарық көрген кітаптарды таныстыруға арналған кезекті іс-шара өтті. Рухани басқосуға мешіт жамағаты қатысты.
Кітап таныстыру шарасы жамағаттың діни танымын кеңейтуге, пайдалы әдебиетке қызығушылығын арттыруға және кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Қатысушыларға «Мүфтият» баспасының еңбектері таныстырылып, рухани білімін кітап арқылы толықтыруға мүмкіндік ұсынылды.
Діни сауатты арттыруда сенімді әдебиеттің орны ерекше. Тағылымды еңбектерді оқу адамға дін құндылықтарын тереңірек түсінуге, көркем мінез бен ізгі қасиеттерді бойына сіңіруге көмектеседі.
«Нұр» мешітінде осындай шаралардың жүйелі өткізілуі жамағат арасында кітап оқуды насихаттап, рухани ізденіске жол ашады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы