Шет ауданына қарасты «Жанқұтты би» мешітінде жастардың діни сауаттылығын арттыру және түрлі жат ағымдардың ықпалына түсудің алдын алу мақсатында «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.
Іс-шараны мешіт имамы Берік Алпысбайұлы ұйымдастырып, жастарға дін мәселесінде дұрыс бағыт-бағдар ұстанудың маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ дәстүрлі ислам құндылықтарын сақтау, діни ақпаратты сенімді дереккөздерден алу және күмәнді діни ағымдардан аулақ болу жөнінде насихат айтылды.
Кездесу барысында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тағылымды пікірлер айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы