Шет ауданына қарасты Ақадыр кенті «Иса молла» мешітінің ұстазы Алия Рахманқызының ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты арасында «Заң және дін үйлесімділігі» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында дін мен заңның қоғамдағы орны, олардың өзара байланысы және қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында қатысушыларға қолданыстағы заң талаптарын сақтау, азаматтық жауапкершілік пен діни құндылықтарды үйлестіру жөнінде пайдалы ақпараттар берілді.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандармен пікір алмасты. Тағылымды кездесу әйелдер жамағатының құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы