Шет ауданына қарасты Ақжал кентінде мешіт имамы Абильмашев Богдан Насырұлы мен мешіт ұстазы Зульпыкаров Нұрсұлтанның ұйымдастыруымен жамағат пен мектеп оқушылары арасында «Діни Quiz» атты интеллектуалдық сайыс өтті.
Сайыстың негізгі мақсаты – жастардың діни білімін ортаға салып, білімдерін шыңдау, ізденуге ынталандыру және өзара достық қарым-қатынасты нығайту.
Зияткерлік додаға бес команда қатысып, түрлі бағыттағы сұрақтар бойынша өз білімдерін сынады. Сайыс қорытындысы бойынша үздік шыққан үш команда жүлделі орындарға ие болды.
Жүлдегерлерге демеушілер тарапынан алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға алғыстарын білдіріп, жастардың білімге деген қызығушылығын арттыратын осындай тағылымды сайыстардың маңыздылығын атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы