Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде қасапшыларға арналған семинар өтті
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде қасапшыларға арналған семинар өтті
Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті қабырғасында Құрбан айт мерекесіне дайындық аясында қасапшыларға арналған семинар ұйымдастырылды. Семинарды мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлы жүргізді.

Кездесу барысында Құрбан айт күндері қасапшыларға қатысты атқарылатын жұмыстар мен ұйымдастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар құрбандық малын сою әдебі, тазалық талаптары және шариғатқа сай орындалуы тиіс ережелер түсіндірілді.

Семинарда малға жанашырлық таныту, құрбан шалуда асығыстық пен дөрекілікке жол бермеу, сондай-ақ құрбандық рәсімін ислам әдебіне сай орындаудың маңыздылығы айтылды. 

Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Мұндай тағылымды кездесулер Құрбан айт күндері діни рәсімдердің дұрыс әрі жүйелі атқарылуына оң ықпал етеді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz