Center Image
IHSAN.KZ
Уақып қорының қоғамдағы рөлі және дін мен дәстүр сабақтастығы
Уақып қорының қоғамдағы рөлі және дін мен дәстүр сабақтастығы

Бұқар Жырау аудандық “Жыржыс қажы” мешітінде имам Рүстем Мұратұлы жамағатқа уақып қорының маңыздылығы туралы тағылымды насихат айтты.

Уағыз барысында уақыптың ислам дініндегі орны, оның үзілмейтін сауап ретінде қоғамға тигізер пайдасы кеңінен түсіндірілді. Имам уақып арқылы мешіт, білім беру және әлеуметтік қайырымдылық салаларының дамитынын атап өтті.

Сонымен қатар насихатта дін мен дәстүрдің сабақтастығы да сөз болды. Қазақ халқының салт-дәстүрлері ислам құндылықтарымен үйлесіп, ұрпақ тәрбиесінде маңызды рөл атқаратыны айтылды. Имам ата-баба жолын құрметтеу мен рухани құндылықтарды сақтау – бүгінгі ұрпақтың басты міндеті екенін жеткізді.

Жиын соңында жамағатқа ізгілікке үндейтін насихаттар айтылып, бірлік пен рухани тәрбие тақырыбына ерекше мән берілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz