Center Image
IHSAN.KZ
Жат ағым зардабы түсіндірілді
Жат ағым зардабы түсіндірілді

Қарағанды қалалық “Хазірет Әли” мешітінде деструктивті жат ағымдардың зардабы мен қоғамға тигізетін кері әсері туралы тағылымды түсіндіру жұмысы өткізілді.


Іс-шара барысында мешіт ұстаздары мен имамдары діни тұрақтылықты сақтау, дұрыс діни білім алу және интернеттегі күмәнді ақпараттардан сақтану мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, жат ағымдардың белгілері мен олардың адам өміріне, отбасына және қоғамға әкелетін зияны жан-жақты түсіндірілді.


Жиынға қатысқан жамағатқа дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстанудың маңызы айтылып, бірлік пен бейбітшілікті сақтау – әрбір мұсылманның міндеті екені насихатталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz