Құрбан айт мейрамына дайындық аясында Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында арнайы жиын өтті.
Басқосуда Құрбан айт күндері санитарлық талаптарды сақтау, құрбан шалу орындарындағы тазалық пен қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиынға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Бақдәулет Қыдырбайұлы және Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлы қатысты.
Кездесу барысында мереке күндері ұйымдастырылатын жұмыстарды талапқа сай өткізу, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және санитарлық ережелерді қатаң сақтау мәселелері сөз болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы