Шет ауданы, Ақадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінде ұстаз Әлия Рахманқызының ұйымдастыруымен әйел жамағатына арналған тағылымды іс-шара өтті.
«Әйел адам – адал қоғамның тірегі» атты кездесуде әйел адамның қоғамдағы орны мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Іс-шара барысында әйел затының Алла Тағала тарапынан ерекше мейіріммен жаратылғаны, олардың отбасы мен қоғамдағы рөлі айрықша екені атап өтілді.
Жиында әйел – тек отбасының емес, тұтас қоғамның тірегі екені айтылып, ұрпақ тәрбиесі, отбасы берекесі және қоғамның рухани деңгейі көбіне әйел адамның парасаты мен тәрбиесіне байланысты екені түсіндірілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы