Құрбан айт мейрамына дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында Қарағанды облысының қасапшылары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің тапсырмасымен өткен республикалық онлайн қасапшылар семинарына қатысты.
Жиын барысында Құрбан айт кезінде шариғат талаптарына сай құрбандық шалу тәртібі, қасапшылардың біліктілігі, санитарлық-гигиеналық талаптар және халал стандарттарына сәйкес ет өнімдерін өңдеу мәселелері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, әр өңірде құрбандық шалу процесін жүйелі ұйымдастыру, бақылау және түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттілігі айтылды.
Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары құрбандық шалуда малдың жарамдылығы, сою тәртібі мен ниеттің дұрыстығына тоқталып, діни үкімдермен қатар санитарлық талаптарды сақтаудың маңызын атап өтті.
Құрбан айт – мұсылман үмбетінің бірлігін, бауырмашылдығын арттыратын ұлы мереке екенін атап өтіп, құрбандық шалу – үлкен жауапкершілік пен мұқият дайындықты талап ететін құлшылық екені айтылды.
Жиын соңында қатысушыларға тапсырмалар жүктеліп, сауапты да жауапты шараны абыроймен атқару тапсырылды.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы