Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде ұстаз Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағатына арналған «Өнегелі отбасы – қоғам байлығы» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.
Тағылымды кездесуде отбасының қоғамдағы орны, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық, бала тәрбиесінің маңызы және әйел адамның отбасы берекесіндегі рөлі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, ислам дініндегі отбасы құндылықтары насихатталып, көркем мінез бен сабырдың отбасы татулығын нығайтатын негізгі қасиеттер екені айтылды.
Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, рухани кездесу әсерлі әрі пайдалы форматта өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы