Center Image
IHSAN.KZ
«Олжас Есенұлы» діни сауат ашу орталығының түлектері марапатталды
«Олжас Есенұлы» діни сауат ашу орталығының түлектері марапатталды

«Олжас Есенұлы» атындағы діни сауат ашу орталығында рухани білім алып, діни сауатын жетілдірген түлектер марапатталды.

Сауат ашу орталығында шәкірттер фиқһ, ақида, Құран, ахлақ және сира ілімдері бойынша білім алып, рухани танымдарын кеңейтті. Діни іліммен сусындаған түлектер исламның асыл құндылықтарын меңгеріп, көркем мінез бен ізгі амалдарға тәрбиеленді.

Орталық директоры Сайлау Жұмағұлұлы түлектерге білім жолындағы табандылығы мен ынтасы үшін алғысын білдіріп, алдағы ілім жолдарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, алған білімдерін өмірде пайдалы іске жаратып, ел игілігі жолында қызмет етулеріне ақ тілегін жеткізді.

Шара соңында оқуын сәтті аяқтаған 11 түлекке арнайы сертификаттар табысталып, марапатталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz