Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде Халықаралық отбасы күніне орай «Өнегелі отбасы – қоғам байлығы» тақырыбында рухани кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында мешіт имамы Рүстем Мұратұлы жаңадан отау құрған жас отбасыларға отбасы құндылығы, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген сыйластығы мен жауапкершілігі жайында насихат айтты. Сонымен қатар шаңырақтың берекесі – өзара түсіністік пен сабырда екені айтылып, жастарға ізгі тілектер жеткізілді.
Іс-шара соңында қатысушылар отбасының қоғамдағы маңызы туралы пайдалы мағлұмат алып, рухани әсерге бөленді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы