Қарағанды қалалық Ар Рахман мешіті ұйымдастыруымен бейсенбілік рухани уағыз-насихат кеші өтті.
Рухани кеш барысында жамағатқа арнайы дастархан жайылып, имандылық пен адамгершілік құндылықтары жайында уағыз-насихат айтылды. Сонымен қатар, ел тыныштығы мен амандығы жолында қызмет еткен соғыс ардагерлерінің рухтарына Құран бағышталып, арнайы дұға жасалды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жамағат арасында рухани байланысты нығайту, үлкенге құрмет көрсетіп, өскелең ұрпаққа тағылым беру.
Алла Тағала барша дұға-тілектерді қабыл етіп, елімізге тыныштық пен береке нәсіп етсін!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы