Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай майдан даласында Отан үшін шейіт болған ата-баба рухына Құран хатым етіліп, дұға жасалды.
Мешіт жамағаты қатысты, арнайы дастархан жайылып, жиналған жұрт бірлік пен ынтымақты нығайтуға бағытталған рухани басқосуда бас қосты.
«Отанды сүю – иманнан» тақырыбында насихат айтылып, елге қызмет ету, бейбітшілікті қадірлеу және ерлік рухын ұмытпау жөнінде тағылымды уағыз жүргізілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы