Абай ауданына қарасты Самарка ауылында жауын-шашын тілеу мақсатында құрбандық шалынып, тасаттық берілді.
Игі шара ауыл тұрғындарының бастамасымен ұйымдастырылып, оған Абай аудандық мешітінің имамы Асхат Қанайұлы қатысты.
Шара барысында құрбандық малы шалынып, жиналған жұртшылық елдің амандығы, береке-бірлігі және жерге молшылық келуі үшін Алла Тағаладан дұға тіледі.
Ауыл ақсақалдары мен тұрғындар бұл дәстүрлі діни шараның маңыздылығын атап өтіп, осындай игі істердің жалғасын табуына тілектестік білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы