Center Image
IHSAN.KZ
Қарағандыда "Үздік ұстаз-2026» атты ұстаздар сайысы өтті
Қарағандыда "Үздік ұстаз-2026» атты ұстаздар сайысы өтті
ҚМДБ-ның жанындағы «Әйел-қыздар» секторының құрылғанына 10 жыл толуына орай Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Әйгерім Берікболқызының ұйымдастыруымен «Үздік ұстаз - 2026» атты ұстаздар сайысы өтті.

Білім мен тәрбиені ту еткен ұстаздар қауымының мәртебесін асқақтататын  шарада Қарағанды облысына қарасты мешіттердің білікті ұстаздары бас қосып, өз білімдері мен шеберліктерін ортаға салды. 

Сайыс алты кезеңнен тұрды. «Менің ұстаздық миссиям» атты таныстыру бөлімі, «Рухани сабақ» кезеңі, «Ұстаз және тәрбие» шығармашылық бөлімі, «Білім мен парасат» сұрақ-жауап кезеңі,«Ұлағатты ұстаз» портфолиосы және «Менің ұстазым» бөлімінде шәкірттердің шынайы пікірлері ұсынылды.

Сайыс барысын тәжірибелі әділқазылар алқасы бағалады. Олардың қатарында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстаздары Әйгерім Берікболқызы мен Арай Серғалиқызы, Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Ажар Қыдырманқызы және Ағадыр кенті «Иса молла» мешітінің ұстазы Алия Жалғабекова болды.

Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылардың еңбегі лайықты бағаланды. Жеңімпаздар арнайы алғыс хаттармен және қаржылай сертификаттармен марапатталды.

Сайыс қорытындысы:

І орын Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» және «Бала қажы» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызы;

ІІ орын Бақыт Амантайқызы Қарағанды қалалық «Әл Ғаффар» мешітінің ұстазы

ІІІ орын Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің ұстазы Рахымбаева Әйгерім.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz