Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Саттыбаева Жаңагүл Маратқызының ұйымдастыруымен «Құран – ұлы мұғжиза» атты Құранға түскен шәкірттерді марапаттау кеші өтті.
Игі шара барысында алғысөзді мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы алып, шараның маңыздылығы мен тәрбиелік мәніне тоқталды. Сондай-ақ, Құранға түскен шәкірттерге жүрекжарды құттықтауын жеткізді.
Рухани кеште Құранды меңгерген 20 шәкіртке арнайы сертификаттар табысталып, қасиетті Құран кітаптары сыйға берілді. Дәстүрге сай олардың бастарына үкі тағылып, құрмет көрсетілді.
Шараға ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі, облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Әйгерім Берікболқызы арнайы қатысып, Құран оқудың маңыздылығы мен рухани пайдасы жөнінде тағылымды насихат айтты.
Кеш соңында дастархан жайылып, Құран хатым дұғасы жасалды. Сонымен қатар, ұстаз Әйгерім Берікболқызына ерекше құрмет көрсетіліп, иығына шапан жабылып, Алланың 99 көркем есімі жазылған сыйлық табыс етілді.
Аталған шара – жас буынның Құранға деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған игі бастама болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы