Қарағанды облысы, Осакаровка аудандық мешітінің имамы Құдайберген Серікұлы Қарағанды медицина университетінің студенттерімен кездесу өткізіп, жат ағымдардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жастарға дәстүрлі діннің маңыздылығы, діни сауаттылықты арттыру және күмәнді діни ағымдардан сақтану жолдары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, студенттердің сұрақтарына жауап беріліп, пайдалы кеңестер ұсынылды.
Мұндай кездесулердің басты мақсаты – жастарды дұрыс діни бағытқа баулу, олардың рухани қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдағы тұрақтылықты нығайту.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы