Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен «Шүкіршілік – береке кілті» тақырыбында насихат айтылды.
Тағылымды шара барысында жамағатқа шүкіршіліктің маңызы, Алла Тағаланың берген нығметтеріне разы болу, әрбір істің берекесі шүкірмен артатыны кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, қиындықта сабыр сақтап, барға қанағат ету – мұсылманның көркем мінездерінің бірі екені атап өтілді.
Кездесу соңында қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Мұндай рухани кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы