Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен «Өткенге құрмет – тіріге міндет» тақырыбы аясында зират басында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Аталған игі шараға мешіт жамағаты мен қала тұрғындары белсене қатысып, мұсылман зиратының аумағын қоқыстан тазалап, ретке келтіру жұмыстарын атқарды. Іс-шара барысында бейіттердің маңы тазартылып, шөптер шабылып, қоршаулар жөнделді. Бұл – өткен ата-бабаларға деген құрметтің, ұрпақ парызын өтеудің жарқын көрінісі.
Мұндай қайырымды шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп жоспарлануда.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы