Шет ауданында “Таза Қазақстан” акциясы аясында көшет отырғызу шарасы ұйымдастырылды. Аталған игі бастама табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және өңірдің жасыл желегін көбейту мақсатында өтті.
Шараға Шет ауданының бас имамы Берік Алпысбайұлы қатысып, көпшілікпен бірге көшет отырғызды. Ол өз сөзінде табиғатты аялау – әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтіп, мұндай сауапты істердің қоғам үшін маңызы зор екенін жеткізді.
Аталған акцияға аудан тұрғындары мен еріктілер белсене қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы