Center Image
IHSAN.KZ
Дін мен дәстүр – ұлттың рухани тірегі
Дін мен дәстүр – ұлттың рухани тірегі

Абай аудандық орталық мешітінің наиб имамы Есбол Оңалұлы дін мен дәстүрдің сабақтастығы тақырыбында тағылымды насихат айтты. Кездесу барысында имам халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері мен Ислам дінінің өзара үйлесімділігіне кеңінен тоқталды.

Насихатта ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ата-баба аманатына адал болу, сондай-ақ дініміздің асыл қағидаларын дұрыс түсініп, оны күнделікті өмірде ұстанудың маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар, жастарды тәрбиелеуде дәстүр мен діннің орны ерекше екені тілге тиек етілді.

Жиын соңында жамағат көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, рухани тұрғыда пайдалы мәліметтер алды. Осындай игі кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz