Бұқар жырау ауданында “Өткенге құрмет – тіріге міндет” акциясы аясында зират аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Игі шара барысында аудан тұрғындары, еріктілер мен белсенді азаматтар қорым аумағын қоқыстан тазалап, шөптерін шауып, айналасын ретке келтіру жұмыстарын атқарды. Сонымен қатар, кейбір ескі қоршаулар қалпына келтіріліп, жалпы аумақты абаттандыруға көңіл бөлінді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама ата-баба рухына құрмет көрсетіп, қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы