Center Image
IHSAN.KZ
«Өткенге құрмет – тіріге міндет» акциясы Теміртауда жалғасты
«Өткенге құрмет – тіріге міндет» акциясы Теміртауда жалғасты

Теміртау қаласының жаңа зияратында “Өткенге құрмет – тіріге міндет” акциясы аясында сенбілік тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Шара барысында қала тұрғындары, еріктілер және белсенді азаматтар қорым аумағын қоқыстан тазартып, шөптерін шауып, ретке келтіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, бейіт маңайын абаттандыруға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл игі бастама өскелең ұрпаққа ата-баба рухына құрмет көрсету мен қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыруды мақсат етеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz