Халықаралық Жер күніне орай «Таза Қазақстан» акциясы аясында Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің имамы Жандос Әшімұлының ұйымдастыруымен «Құрылыс» зиратының басында сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында зират аумағы тазартылып, қураған шөптер мен қоқыстар жиналып, қоршаған ортаны абаттандыру жұмыстары атқарылды.
Игі іске мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындары белсене қатысып, ортақ жауапкершілік пен туған жерге деген құрметтің үлгісін көрсетті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы