Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің имамы Нығыман Жандос Әшімұлының ұйымдастыруымен «Қарттар – ел қазынасы» атты іс-шара өтті.
Шара барысында ауыл ақсақалдарының басы қосылып, оларға құрмет көрсетіліп, ерекше көңіл бөлінді.
Қарттарға арналып дастархан жайылып, жылы лебіздер айтылды.
Имам өз сөзінде қарияларды құрметтеу - Ислам дініндегі маңызды құндылықтардың бірі екенін атап өтіп, үлкендерді сыйлау мен олардың батасын алу – берекенің бастауы екенін жеткізді.
Іс-шара соңында ақсақалдар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жастарға ақ баталарын берді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы