Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ «АР - РАХМАН» МЕШІТІНДЕ БАҚЫЛАУ-БАСҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ «АР - РАХМАН» МЕШІТІНДЕ БАҚЫЛАУ-БАСҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде бақылау-басқару жұмыстары жүргізілді
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасына сәйкес, Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде бақылау-басқару жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстарды Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей қажы Құмарұлы жүзеге асырды. Өз кезегінде мешіт имамы Азамат Төлеуханұлы мешіттің қазіргі тыныс-тіршілігі мен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде толық ақпарат ұсынды.
Жиын аясында бірқатар маңызды бағыттар қамтылды:
– өрт қауіпсіздігі дабыл жүйелерінің болуы;
– өрт қауіпсіздігіне қатысты құжаттардың (жоспар, схема) толықтығы;
– электр жүйелерінің талапқа сай жұмыс істеуі және қауіпсіздігінің сақталуы;
– мешіт пен оған қарасты ғимараттардың өрт сөндіргіш құралдармен қамтамасыз етілуі және олардың жарамдылық мерзімінің тексерілуі;
– «кіріс-шығыс» құжаттарының дұрыс және толық жүргізілуі;
– мешіттің ішкі және сыртқы тазалығы (намазхана, дәретхана, асхана және өзге де нысандар).
Жұмыс қорытындысы бойынша наиб имам мешіттің қызметімен танысып, жалпы жұмысына оң баға берді. Сонымен қатар мешіт қызметкерлеріне нақты тапсырмалар жүктеліп, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті ескертулер жасалды.
Аталған бақылау-басқару шаралары мешіт қызметінің сапасын арттыруға, қауіпсіздік талаптарын сақтау мен құжат айналымын жүйелеуге бағытталған.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz