Center Image
IHSAN.KZ
Саран қалалық мешітінде жастарға арналған семинар өтті
Саран қалалық мешітінде жастарға арналған семинар өтті
Қарағанды облысына қарасты  Саран қалалық мешітінде «Суицид профилактикасы» және «Жастар арасындағы стресске төзімділік» тақырыптарында мазмұнды семинар ұйымдастырылды. 

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың психологиялық саулығын нығайту, өмірлік қиындықтарға қарсы тұру қабілетін арттыру және қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алу.

Семинарға қала жастары, мешіт жамағаты, сондай-ақ сала мамандары қатысты. Кездесу барысында қатысушыларға суицидтің алдын алу жолдары, оның негізгі себептері мен белгілері туралы кеңінен ақпарат берілді. Мамандар жастар арасындағы күйзеліс, уайым, жалғыздық сияқты факторлардың әсерін түсіндіріп, мұндай жағдайларда дер кезінде көмекке жүгінудің маңыздылығын атап өтті.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz