Абай аудандық мешітінің найб имамы Жардыбай Ережеп ақида және фиқһ пәндері бойынша жамағаттарға жүйелі түрде діни сабақтар өткізіліп келеді. Бұл игі бастама жергілікті тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға, дәстүрлі ислам құндылықтарын дұрыс түсіндіруге бағытталған.
Сабақтар барысында ұстаз ақида ілімінің негіздерін кеңінен түсіндіріп, мұсылман адамның сенім мәселелеріндегі негізгі қағидаларды қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізуде. Ақида пәні арқылы жамағат Алла Тағалаға деген дұрыс сенімді қалыптастырып, түрлі теріс ағымдардан сақтанудың жолдарын үйренеді.
Ал фиқһ сабақтарында күнделікті өмірде кездесетін құлшылық мәселелері жан-жақты қарастырылады. Намаз оқу тәртібі, ораза ұстау, зекет беру, сондай-ақ тұрмыстық және әлеуметтік қарым-қатынастардағы шариғат үкімдері түсіндіріліп, жамағаттың сұрақтарына нақты жауаптар беріледі. Бұл сабақтар әсіресе жастар мен жаңадан дінге бет бұрған азаматтар үшін өте пайдалы болуда.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы