Қарағанды қалалық «Хазірет Али» мешітінің наиб имамы Танат Тилманов мешіт жастарына «Жастар әдебі» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Кездесу барысында имам жастарға көркем мінездің маңыздылығын, ата-анаға құрмет, үлкенге ізет, кішіге қамқор болу секілді асыл қасиеттерді кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы жастардың рөлі мен жауапкершілігі жайында айтып, білім алуға, уақытты тиімді пайдалануға және жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.
Жиын соңында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы