ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасына сәйкес, Қарағанды облысына қарасты Абай ауданы мен Шахтинск және Саран қалалық мешіттерде бақылау-басқару жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстарды Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы жүзеге асырды.
Тексеру аясында келесі бағыттар қамтылды:
– өрт қауіпсіздігі дабыл жүйелерінің болуы;
– өрт қауіпсіздігіне қатысты құжаттардың (жоспар, схема) толықтығы;
– электр жүйелерінің талапқа сай жұмыс істеуі және қауіпсіздігінің сақталуы;
– мешіттер мен оған қарасты ғимараттардың өрт сөндіргіш құралдармен қамтамасыз етілуі және олардың жарамдылық мерзімінің тексерілуі;
– «кіріс-шығыс» құжаттарының толық әрі дұрыс жүргізілуі;
– мешіттердің ішкі және сыртқы тазалығы (намазхана, дәретхана, асхана және өзге де нысандар);
– жаңадан салынған мешіттердің құжаттарының толықтығы.
Жұмыс қорытындысы бойынша облыстық мешіттің наиб имамы мешіттердің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, олардың қызметіне оң бағасын берді. Сонымен қатар, бірқатар мешіт қызметкерлеріне нақты тапсырмалар жүктеліп, кемшіліктер бойынша ескертулер жасалды.
Аталған бақылау-басқару жұмыстары мешіттердің қызмет сапасын арттыруға, қауіпсіздік талаптарын сақтау мен құжат айналымын жүйелеуге бағытталған.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы