Center Image
IHSAN.KZ
ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА МЕШІТТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА МЕШІТТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы  Естай Айтуғанұлы Қарағанды қаласындағы «Архитектурная» көшесі 25/5 мекен-жайында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

Құлшылық үйінің құрылысын бастап салушы, дін жанашырлары облыс бас имамына жаңа мешіттің бүгінгі жұмыс барысынан хабар берді.

Бой көтеріп жатқан құлшылық үйімен таныс болған Естай Айтуғанұлы құрылыс жұмысы барысында қауіпсіздік шараларына баса назар аудару қажеттігін жеткізді. 

Сондай-ақ, өзіндік бағасын беріп, мешіт құрылысына  демеушілік етіп, игі іске мұрындық болған азаматтарға ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің арнайы алғыс хатын табыстап, ризашылығын жеткізді.

Айта кетсек, заманауи әрі дәстүрлі архитектуралық стильде салынып жатқан бір күмбезді мешіт  екі қабаттан тұрады. Құлшылық үйінде бір мезетте 300 адам намаз оқи алады.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz