«Қызмет Проф Сервис» ЖШС Қарағанды қаласында 36 имамға арнап салынып жатқан қызметтік пәтерлер құрылысына демеушілік көмек көрсетіп, сыртқы есіктер тарту етті.
Игі бастамаға қолдау білдірген компания басшысы Бекенов Ерқанат Бекенұлына ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы ризашылығын білдіріп, арнайы алғыс хат табыс етті.
Қазіргі таңда аталған ғимараттың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Үш қабаты толық көтеріліп, ішкі бөлмелері жоспарға сай бөлінуде. Сонымен қатар, нысанның шатыры орнатылу үстінде.
Аталған жоба Қарағанды өңіріндегі дін қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы