Қарағанды облысына қарасты Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде Ташкенбайқызы Мадина, Абдраймқызы Муслима және Дәуірғалиқызы Ақниет ұстаздардың ұйымдастыруымен «Дінтеллект» атты интеллектуалды сайыс өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жамағаттың діни білімін арттыру, ислам құндылықтарын насихаттау және жастарды білімге, ізгілікке баулу болды.
Сайысқа қатысушылар түрлі кезеңдер бойынша бақ сынап, діни сауаттылық, шариғат негіздері және жалпы рухани тақырыптар аясында өз білімдерін көрсетті.
Сайыс барысында қатысушыларға арнайы сұрақтар қойылып, логикалық тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, жиналған жамағатқа тағылымды уағыз-насихат айтылып, діннің адам өміріндегі маңызы кеңінен түсіндірілді.
Шара соңында үздік өнер көрсеткен қатысушылар марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан алғыс білдірілді. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатыны атап өтілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы