Center Image
IHSAN.KZ
«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Таза мешіт» атты көктемгі сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Игі шараға облыстық мешіт ұжымы, дін қызметкерлері және мешіттің шаруашылық қызметкерлері белсене қатысып, бірлесе еңбек етті.

Акция барысында мешіт ауласында көктемгі тазалық жұмыстары жүргізіліп, айнала ретке келтірілді.

Аталған бастама – тазалықты насихаттап, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz