Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде жүрек тебірентерлік игі оқиға орын алды. Өзге ұлт өкілі Александра есімді азаматша ислам дінін қабылдап, мұсылман қауымының қатарына қосылды.
Мешіт қызметкері Нұрғали Берікқұлұлы оған ислам дінінің негіздері, иман шарттары мен мұсылманшылықтың мән-мағынасы туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Рухани сұхбат барысында Александра исламның тазалыққа, ізгілікке және адамгершілікке үндейтін асыл құндылықтарына қызығушылық танытып, өз еркімен дінді қабылдауға ниет білдірді.
Осыдан кейін мешітте арнайы діни рәсім өткізіліп, Александра кәлима-шаһадат айтып, ресми түрде ислам дінін қабылдады. Дін қызметкері оған ақ тілектерін білдіріп, жаңа өмір жолында береке мен туралық тіледі.
Мұндай игі істер – дініміздің көркем мінез бен дұрыс насихат арқылы адамдардың жүрегіне жол табатынының айқын көрінісі. Алла Тағала жаңадан исламды қабылдаған жанға иман беріктігін, өміріне береке мен тура жол нәсіп етсін!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы