ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы Қарағанды қаласында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.
Құлшылық үйінің құрылысын бастап салушы, дін жанашыры Қуантай Амангелдіұлы облыс бас имамына жаңа мешіттің бүгінгі жұмыс барысынан хабар берді.
Бой көтеріп жатқан құлшылық үйімен таныс болған Естай Айтуғанұлы мешітті жоспарланған уақытта аяқтау қажеттігін тапсырып, құрылыс жұмысы барысында қауіпсіздік шараларына баса назар аудару қажеттігін жеткізді.
Сондай-ақ, өзіндік бағасын беріп, мешіт құрылысына демеушілік етіп, игі іске мұрындық болған Қуантай Амангелдіұлына арнайы алғыс хатын табыстап, ризашылығын жеткізді.
Айта кетсек, «Сеченова» көшесі 16 үй мекен- жайында орын алған бір мұнаралы мешіт екі қабаттан тұрады. Құлшылық үйінде бір мезетте 150 адам намаз оқи алады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы