Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлы қаладағы аурухана қызметкерлерімен және тұрғындармен кездесу өткізді. Тағылымды жиын барысында имам жиналған қауымға «Ем іздеудің шариғаттағы орны» тақырыбында уағыз-насихат айтып, дініміздегі денсаулықтың маңызына кеңінен тоқталды.
Жиын барысында медицина қызметкерлерінің еңбегіне де ерекше құрмет білдіріліп, олардың адам өмірін сақтаудағы рөлі жоғары бағаланды. Имам дәрігерлердің қызметі сауапты іс екенін, адамға шипа себепкер болу – үлкен ізгілік екенін атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы